01.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Дамир Тоқтаров әлем чемпионатында 3-орын алды
21-31 тамыз аралығында АҚШ-тың Даллас қаласында құзға өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Он күн бойы 40 елден келген 300-ге жуық таңдаулы спорты өзара кім мықтыны анықтады. Бұл бәсекеге 8 атлет аттандырған Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Дамир Тоқтаров жылдамдыққа жарыста қола жүлдегер атанды. Қазақстандық кіші финалда германиялық Аодан Умлауфпен жарысып, жеңіске жетті. Дамирдің уақыты: 6.18 секунд.
Отандасымыз 1/8-де жапон Юки Миякені, ширек финалда америкалық Августин Чиді жеңген. Өкінішке қарай, ол жартылай финалда кейін жеңіске жеткен итальян Франческо Понцинибиоға есе жіберді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: