19.11.2022 | invalid

Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев жұбы ӘЧ финалында 6-орыннан көрінді

Бүгін Болгария астанасы София қаласында батут гимнастикасынан XXXVI Әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күні синхронды өнер көрсетуде Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев жұбы финалда бақ сынап, 6-орын алды. Қазақстандық спортшылар кеше жартылай финалда 5-сатыдан көрініп, ақтық сынға жолдама алған.

Бұл бағдарламада германиялық гимнастар чемпион атанса, күміс Португалияға, қола Францияға бұйырды. Мұнда барлығы 26 елдің жұбы жүлдеге таласты.

Бұдан бөлек, жекелей сынның іріктеуінде Данил Мұсабаев 10-орын алып, жартылай финалға өтсе, Игорь Грачев та қос минитрамп бағдарламасында 10-шы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға шыққан. Алайда екеуі жүлде үшін таласуға мүмкіндік ала алмады.

Биылғы чемпионатқа 39 мемлекеттің таңдаулы спортшылары келді. Ел намысын 5 спортшы – Данил Мұсабаев, Пирмаммад Әлиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов пен Игорь Грачев қорғады.

Жалпы есепте 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған Ұлыбритания топ жарса, Аустралия мен Жапония үштікті түйіндеді. Барлығы 13 елге жүлде бұйырды.

Айта кетейік, келесі жылы батутта секіру гимнастикасынан жаһан додасы Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес