04.05.2024 | 19:57

Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатында алғаш рет жүлде алды

Дзюдодан Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Үлкен дулыға бәсекесінде Дархан Қойбағар қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

73 кг дейінгі салмақта кіші финалда Дархан моңғолиялық қарсыласы Ерденбаяр Батзаяны жықты.

Қазақ дзюдошысы алғашқы белдесуінде Хожиакбар Тожиевті (Өзбекстан), Ёнкул Лиді (Оңтүстік Корея), ширек финалда Енхтур Жаждергаравты (Моңғолия) ұтқан. Жартылай финалда Нилм Стамптың (Швейцария) мықты екенін мойындады.

Айта кетейік, кеше 60 кг дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин күміс жүлдегер атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес