
29.03.2025 | 17:12
Бөлісу:
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ПЕН НАЧЫН КУУЛАР ЖҰБАНЫШ БЕЛДЕСУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында 2 палуанымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Начын Куулар (70 кг) жұбаныш белдесуінде өзбекстандық бозкілем шеберін ұтты. Есеп: 4-3. Кешке Ұлттық құрама спортшысы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2024 ж) Иошинасуке Аоягимен кім мықтыны анықтайды.
Ал Дәулет (79 кг) Түркменстан өкілі Какамират Ашировты ойсырата ұтты. Оның кешке кіші финалдағы қарсыласы - Тәжікстан спортшысы.
Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Садық (65 кг) жұбаныш кезеңінде солтүстік корея спортшысына есе жіберді (2-5.
Сондай-ақ жартылай финалда жеңілген отандасымыз Рахат Қалжан (57 кг) Ирак өкілімен 3-орынды сарапқа салады. Кешке финалдар Астана уақытымен 20:00-де басталады. Елімізде чемпионатты Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ 3 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ ҚОЛА МЕДАЛЬ ҮШІН КҮРЕСЕДІ

БОЛАТ САҚАЕВ АММАНДА АЛТЫН ҮШІН КҮРЕСЕДІ