07.08.2024 | 23:21
Бөлісу:
ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ол финалда биыл Азия чемпионы атанған жапон Нао Кусакаға есе жіберді. Есеп: 2-5.
Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Отандасымыз Токиодағы өзінің алғашқы Олимпиадасында алғашқы айналымда Сёхэй Ябикудан (Жапония) жеңіліп қалған.
ДЕМЕУ ЖАДРАЕВТЫҢ ФИНАЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:
1/8 айналым. Хаир Алексис Куэро (Колумбия) 9-0.
Ширек финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3-1.
Жартылай финал. Санан Сулейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6-1
Финал. Нао Кусака (биылғы Азия чемпионы, былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)
Фото: Тұрар Қазанғапов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: