30.12.2023 | 20:24

Денис Махнёв блицте 33-орынға табан тіреді

Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен ерлер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда Норвегия Норвегия гроссмейстері Магнус Карлсен шашасына шаң жұқтырмай, тағы чемпион атанады. Ол былтыр Алматыда дәл осылай рапид, сосын блицте топ жарған. Ол Самарқанда 21 турдан кейін 16 ұпай жинады. Күміс Даниил Дубов (FIDE), қола Владислав Артемьевтің еншісінде кетті.

Ұлттық құрама сапынан үздік көрсеткішке Денис Махнёв қол жеткізді (12,5 балл, 33-орын). Осы тұста ол алғашқы турда классикалық шахаттан әлем рейтингінде 2-орында тұрған Фабиано Каруананы жеңгенін айта кетейік.

Қалған шахматшылар нәтижесі:

Қазыбек Нөгербек 69-орын (11,5 балл)

Арыстан Исанжулов 97-орын (11 балл)

Жандос Агманов 106-орын (10,5)

Ринат Жұмабаев 126-орын (10)

Арыстанбек Уразаев 138-орын (9,5)

Әлішер Сүлейменов 151-орын (9)

Алдияр Аңсат 154-орын (9)

Муртас Қажғалиев 159-орын

Даниял Сапенов 160-орын

Рустам Хуснутдинов 162-орын

Рамазан Жалмаханов 166-орын

Данис Қуандықұлы 192-орын (7,5)

Ернұр Амангелді 198-орын (6,5)

Мұнда барлығы 210-ға жуық шахматшы сынға түсті.

«Блицтегі нәтижем жақсы. Егер соңғы турда жеңіске жеткенде үздік 35 шахматшының қатарына кіретін едім. Рапидте аздап қиын болды. Ұл мен үшін ересектер арасындағы екінші әлем чемпионаты. Былтыр Алматыдағы қателіктерді қайталамауға тырыстым. Мықты шахматшылармен ойнауға дайынмын. Қазір тәжірибем толыса түсті деп айта алам»,-деді Қазыбек Нөгербек Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы турнирдің жүлдегерлері алды.

Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес