17.09.2023 | 19:36

Дэвис кубогы: Қазақстан теннисшілері келесі кезеңге шықты

Бүгін Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгариядан жалпы есепте басым түсті.

Еліміздің бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик жалпы есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңе шешпейді.

Қазақстан құрамасы келер жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес