17.09.2023 | 13:24

Дэвис кубогы: жеңімпаз шешуші ойында анықталады

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария күм мықтыны анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін, жарыстың 2-күні жұптық сында қазақстандық Александр Бублик пен Александр Недовесов корт иесі Александр Донски мен Александр Лазаровқа есе жіберді. Есеп: 3-6, 3-6. Осылайша, екі құрама арасындағы тартыстағы есеп 2-1, Қазақстанның пайдасына.

Енді жеңімпаз қалған екі кездесуде белгілі болады. Александр Бублик Димитар Кузмановпен, ал Тимофей Скатов Янаки Милевпен сынға түседі. Қазақстандықтарға бір жеңіс болса, жеткілікті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес