26.10.2023 | 17:12

Диана Сабекова Азия чемпионы атанды

Диана Сабекова Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XV Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз стенд атудың скит бағдарламасында алтыннан алқа тақты. Дианадан кейін тұғыр сатысына Үндістан мен Қытай мергені көтерілді. Бұл Ұлттық құраманың биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалі. Кеше әйелдер құрамасы күміс, ерлер қола жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының 24 жолдамасы сарапқа салынып жатқан сары құрлық чемпионаты 2 қарадаша аяқталады. Биыл 30 мемлекеттен 800-тен астам мерген жиналды. Ел намысын 80 спортшы қорғап жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес