01.03.2024 | 15:14

Диана Жұмағұлова Азия чемпионатындағы 4-медалін мойнына тақты

Диана Жұмағұлова Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан суға секіруден Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін отандасымыз 7 метр тұғырдан секіруде күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жастағы атлет жекелей сында қола, Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста алтын және күміс жүлде иеленген.

Суға секіру. Қыздар. А тобы. 7 метр тұғыр:

Жапония спортшысы – 332.75 ұпай

Диана Жұмағұлова – 255.35

Вьетнам спортшысы – 254.15.

Суреттердің авторы - Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық