16.05.2022 | invalid

Дина Жоламан финал жолдамасы үшін күш сынасады

Бүгін Түркиядағы бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері жалғасып жатыр. Санаулы сәттер бұрын Дина Жоламан (54 кг) серб Хелена Зекичті ұтып, жартылай финалға шықты.

Осыған дейін құрама сапынан Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзова келесі кезеңге өткен. Өкінішке қарай, тағы бір отандасымыз Гүлсая Ержан қарсыласына есе жіберді.

2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан Ыстанбұл шаршы алаңында канадалық Скарлетт Дельгадо мен испан Мария Мадуэньо Кондеден мықты екенін дәлелдеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес