10.10.2022 | 12:09

Динара Сәдуақасованың командасы Еуропа Кубогында 2-орын алды

Бүгін Аустрияның Майрхофен өңірінде шахматтан әйелдер клубы арасында XXVI Еуропа Кубогы мәресіне жетті.

Қазақстандық Динара Сәдуақасова ойнайтын ASE Superbet командасы осы сында күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, Динарамен бірге бұл командада Ирина Булмага (Румыния), Екатерина Аталық (Түркия), Марсель Эфроимски (Израиль), Джована Раппорт (Румыния) өнер көрсетті.

Турнир 7-айналымнан тұратын швейцар жүйесі бойынша өтті. Ереже бойынша Еуропа Кубогының әйелдер командалары арасындағы жүлде қоры 10 мың еуродан кем болмауы керек. Жеңімпаз командаға 50%, 2-орынға 25%, 3-орынға 15%, 4-орынға 10%-ы беріледі. Ал ерлерде сыйақы 20 мың еуро. Мұнда 5-6-сатыдағы команда да қаржылай марапатқа ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес