05.07.2023 | 14:56
Бөлісу:
Дирекция директоры Оралбай Жақсымбетов бас бапкері қызметіне үміткерлермен сөйлесті
Бүгін Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов ауыр атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер – Дәурен Бекмұханбетов (ерлер) және Иван Снегуровпен (әйелдер) онлайн форматта кездесу өткізді. Сондай-ақ жиналысқа директордың орынбасары Азамат Имашев пен Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Мадина Астамирова қатысты.
Оралбай Ергенұлы кандидаттардың жұмыс жоспарымен танысып, осыдан кейін осы спорт түріндегі қазіргі ахуал мен допинг проблемасын шешу жолдары жайлы әңгіме өрбітті.
Біздің анықтама:
Дәурен Бекмұханбетов пен Иван Снегуров – 10 жылдан астам түрлі деңгейде жаттықтырушы ретінде қызмет етіп келе жатқан мамандар. Екеуі жастар мен ересектер арасындағы бірнеше әлем және Азия чемпионын және жүлдегерлерін тәрбиелеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: