11.12.2024 | 09:27
Бөлісу:
ДИРЕКЦИЯДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясында мемлекеттік жаттықтырушылар, спорт түрлері бойынша команда басшылары, қызметкерлерімен арнайы брифинг өткізді.
Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның маңыздылығына тоқталып, оған қарсы мәдениет пен мінез-құлықты қалыптастыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: