
22.01.2025 | 18:02
Бөлісу:
ДИРЕКЦИЯДА ТАҒЫ 3 ФЕДЕРАЦИЯ ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ЖОСПАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Бүгін Спортты дамыту дирекциясында кезекті олимпиадалық емес спорт түрлерінің федерациясы есеп берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда дирекция директорының орынбасары Есет Байтасовқа кекушинкай каратэ, грэпплинг UWW, пауэрлифтинг федерациясының өкілдері, Мемлекеттік жаттықтырушылары атқарылған жұмыс пен 2025 жылғы жоспарларын жеткізді.
Алғаш болып есеп берген кекушинкай каратэ федерация өкілдері Ұлттық құрамаға қосымша аға жаттықтырушысы алу жайлы ұсынысын айтты. Сонымен қатар биылғы жарыстардағы міндеттемені атап өтті. Бұл қатарда Омбы қаласында өтетін Еуразия оупен турнирінің маңызына тоқталды.
Қазақстан грэпплингтен федерациясының президенті Қанат Алин есеп беру кезінде өздері ашқан жеке платформаның жұмысы жайлы жан-жақты ақпарат берді. Бұл жүйе еліміздегі грэпплинг спорты жайлы кез келген мәліметті оңай алуға жол ашып отыр.
Кейінгі жылдары ережесінде бірқатар өзгеріс болған пауэрлифтинг спортының өкілдері облыстардағы жұмысқа басымдық беріп отырғанын жеткізді. Биыл пауэрлифтингтен бірнеше жас санатындағы әлем және Азия чемпионаты қатар өтеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: