21.11.2022 | invalid

Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова 2-орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд.

Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес