24.02.2024 | 22:49

Дмитрий Панарин Угандадағы турнирде үздік үштікте

Уганда Республикасының астанасы Кампалада бадминтоннан өтіп жатқан Uganda International 2024 халықаралық турнирінде Дмитрий Панарин қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалда Тобиас Куэнциден басым түскен. Алайда жартылай финалда Үндістан спортшысы Рагху Марисвамиден 3 партияда жеңіліп қалды.

Осы жүлденің арқасында Дмитрийге олимпиадалық рейтингте ұпай қосылады.

Uganda International 2024 жарысының жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары. Биыл турнирге 49 мемлекеттен 500-ге жуық бадминтоншы қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес