08.03.2025 | 16:49

ДМИТРИЙ ПАТАНИН БАКУДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында отандасымыз Дмитрий Патанин 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол қос сырық жаттығуында 13.400 балл жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ал алтын жапон Матсуми Казукидің еншісінде (14.200). Қола хорват гимнастына бұйырды (13.033).

Бұл бағдарламада сынға түскен тағы бір отандасымыз Ильяс Азизов 4-сатыдан көрінді (13.000).

Фото: Әзірбайжан гимнастика федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес