20.06.2026 | 14:12

ДМИТРИЙ ПАТАНИН СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

​Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан 13-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Бүгін Қазақстан Ұлттық командасының спортшысы Дмитрий Патанин еркін жаттығудың финалында бақ сынады. Ол 13.700 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.

​1-орын – Карлос Юло – 14.700 ұпай

2-орын – Сема Цукияма – 14.600

3-орын – К. Джунир Юло – 14.300

​Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер командасының өкілі Артём Ковалёв кермедегі жаттығулар финалында жүлдеге таласты. Спортшымыз 11.266 ұпаймен 8-сатыға тұрақтады.

Биылғы құрлық додасының маңызы зор, өйткені бұл жарыс 2026 жылы Нагояда (Жапония) өтетін ХХ Азия ойындарына іріктеу мен дайындықтың басты кезеңдерінің бірі саналады.

​Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты 28 маусымда мәресіне жетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес