09.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Дүниежүзілік ойындар: каратэші Дархан Асаділов жүлдесіз қалды
Бүгін АҚШ-тың Бирмингем қаласында (Алабама штаты) өтіп жатқан XI Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының алғашқы спортшылары өнер көрсетті.
Өкінішке қарай, көшбасшы спортшыларымыздың бірі Дархан Асаділов медальге қол жеткізе алмады. 67 келі салмақта сынға түскен каратешіміз алғашқы айқасында алжирлік қарсыласын 5:2 есебімен жеңгенімен, екінші кездесуінде итальян спортшысымен тең түсіп, соңғы жекпе-жегінде дода қожайынынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Сонымен қатар, садақ атудан сынға түскен Сергей Христич те додамен ерте қоштасты. 50 м+50 м бағдарламасынжа жерлесіміз 21-орынды қанағат қылды.
Енді ертең татамиге Нұрқанат Әжіқанов пен брейк-данс шеберіӘмір Закиров сынға түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықKAZAKHSTAN OPEN – 2024 ТУРНИРІНДЕ 800 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ