10.07.2022 | invalid

Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті

Бүгін АҚШ-тың Бирмингем қаласында (Алабама штаты) өтіп жатқан XI Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Каратэшілер бәсекесінде Софья Берульцева қарсыластарына дес бермей, 68 келіде чемпион атанды. Қазақстандық 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Алғашқы әлем чемпионы, испан Мария Торрес Гарсияпен болған кездесу 7:7 есебімен аяқталды. Сосын америкалық Сиррус Линглды (1:4), чех және тунистік қарсыласын (3:1) жеңді. Финалда Софья Берульцева испан Мария Торрес Гарсиямен тағы келдесіп, айқын басымдықпен ұтты (7:1).

Осы медальдің арқасында Қазақстан құрамасы алтын алған 14 елдің қатарына кірді. Айта кетейік, WKF каратэден барлығы 96 спортшы шеберлік байқасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес