09.05.2023 | 20:09
Бөлісу:
Дзюдодан әлем чемпионатының 3-жарыс күні аяқталды
Бүгін Қатар астанасындағы дзюдодан әлем чемпионатында үш қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Ерлер арасында Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев (73 кг), әйелдер бәсекесінде Бақыт Құсақбаева (57 кг) күресті.
Бақыт Құсақбаева мен Жансай Смағұлов бірінші айналымда сүрінді. Құсақбаева жаңа зеландиялық Кона Кристиден таза ұтылса, Смағұлов бейтарап тудың астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Махмадбек Махмадбековке «вазари» ұпайымен жеңілді.
«Бұл менің бесінші әлем чемпионатым. Осы спортшыдан екінші рет жеңіліп отырмын. Бүгін менің қателігімнен қарсыласым «вазари» ұпайын алып, басымдықты белдесу соңына дейін ұстап қалды», - деді Жансай Смағұлов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне.
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов:
«Ұлттық құрамада Сметов, Смағұлов, Қырғызбаев сияқты тәжірибелі спортшылар болу керек. Оларға қарап жастар өседі, тәжірибе алмасады. Сондықтан, біз бұрыннан келе жатқан жігіттерге әлі де үміт артамыз. Олимпиадаға бір жылдан астам уақыт қалды».
Данияр Шамшаев бірінші белдесуде Түркия елінің өкілі Умалт Демирельден басым түсті. Ал екінші айналымда 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Европа чемпионы (66 кг) - италиялық Мануэль Ломбардоға есе жіберді.
Ертең, 10 мамырда татамиге 2 спортшымыз шығады. Олар - Эсмигүл Куюлова (63 кг) мен Абылайхан Жұбаназар (81 кг).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ