11.05.2023 | 17:20
Бөлісу:
Дзюдодан әлем чемпионатының аяқталуына 3 күн қалды
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады. Ерлер арасында Дидар Хамза (90 кг) өнер көрсетіп, бірінші айналымнан аса алмады. Молдова өкілі Дорин Готоноагаға есе жіберді.
«Кездесудің ортасына қарай «партерге» түсіп қалдым. Негізі «төрттағанда» төреші 1 минуттан көп уақыт бермейді, бірақ бұл жолы 2 минуттан аса уақыт күтті. Сөйтіп, «ұстап тұру» әдісімен жеңіліп қалдым», - деді Дидар Хамза Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.
Әйелдердің бәкесінде татамиге Анастасия Маякова (70 кг) шығып, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пуэрто-Риконың 34 жастағы спортшысы Мария Перестен жеңілді.
«Белдесу басында «вазари» ұпайына түсіп қалдым. Кеткен есені қайтару үшін алға ұмтылдым. Бірақ шабуыл кезінде сәл кідіріп қалып, қарсыласым әдіс жасап кетті», - деп айтты Анастасия Маякова.
Ертең, 12 мамыр күні әлем чемпионатында екі дзюдошымыз - Аруна Жангелдина (78 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) өнер көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ