
20.06.2025 | 16:31
Бөлісу:
ДЗЮДОДАН БУДАПЕШТЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТАРИХИ НӘТИЖЕМЕН ЕСТЕ ҚАЛАДЫ
Бүгін Мажарстан астанасы Будапеште дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан палуандары Бразилияға есе жіберді. Есеп: 0-4.
Осылайша, біздің Ұлттық құрама биылғы бәсекені 1 күміс жүлдемен жалпы есепте 11-сатыда аяқтады. Алғашқы жарыс күні 48 кг дейінгі салмақта татамиге шыққан Абиба Абужақынова тарихи нәтиже тіркеді. Ол әйелдер арасында дүниежүзілік бәсекенің ақтық сынына шыққан тұңғыш қазақ дзюдошысына айналды. Алтын үшін айқаста отандасымыз ӘЧ-ның былтырғы финалист Ассунта Скуттодан (Италия) жеңіліп қалды. Бұл Абужақынованың әлем чемпионатындағы (2022 және 2024 жылы қола) үшінші медалі.
Қызық дерек:
Қазақстан әлем чемпионатында 60 (ерлер) және 48 кг (әйелдер) дейінгі салмақта ең көп медаль иеленген.
-60 кг – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;
-48 кг – 1 күміс, 4 қола;
Сондай-ақ Ұлттық құрама сапындағы Мағжан Шамшадин (-60 кг) мен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) ширек финалға жетіп, 7-сатыға табан тіреді.
Назарыңызға осыған дейінгі 5 әлем чемпионатының нәтижесін ұсынамыз:
-2024 жылы Абу-Даби – 1 қола (Абиба Абужақынова) жалпы есепте 17-орын;
-2023 жылы Доха жүлде алмады;
-2022 жылы Ташкент – 2 қола (Елдос Сметов, Абиба Абужақынова) жалпы есепте 15-орын;
-2021 жылы Будапешт – 1 күміс (Ғұсман Қырғызбаев) жалпы есепте 14-орын;
-2019 жылы Токио – 1 қола (Елдос Сметов) жалпы есепте 18-орын;
Еске сала кетейік, биыл әлем чемпионатына 93 мемлекеттен 556 таңдаулы дзюдошы қатысты. Биыл жалпы есепте Жапония құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 4 қоламен топ жарды.
2-орын: Халықаралық дзюдо федерациясының командасы (3 алтын, 2 қола)
3-орын: Италия (2 алтын).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘБИБА АБУЖАҚЫНОВА ӘЛЕМ РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ


МАРАТ БАЙҚАМҰРОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНАН ЖЕҢІЛДІ

МАРАТ БАЙКАМҰРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ БАСТАДЫ