15.11.2022 | invalid

Дзюдодан ел чемпионаты басталды

Бүгін Атырау қаласында дзюдодан ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Алғашқы күні 1-күн ерлер 60 кг, 66 кг, әйелдер 48 кг, 52 келі салмақта кім мықтыны анықтады. Бұл салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

60 кг:

1. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

2. Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы)

3. Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)

3. Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)

66 кг:

1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

2. Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы)

3. Айболат Ыстыбай (Атырау облысы)

3. Ермек Амангелді (Атырау облысы)

48 кг:

1. Ғалия Тыныбаева (Алматы қаласы)

2. Сара Құлым (Түркістан облысы)

3. Ирина Дубовская (Жетісу облысы)

3. Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

52 кг:

1. Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)

2. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)

3. Гүлдана Әлмұханбетова (Маңғыстау облысы)

3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 18 қарашада аяқталады. Бәсекені мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар. Жалпы Атырау татамиінде Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан келген 500-ге жуық дзюдошы күресіп жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес