10.05.2026 | 21:47

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM-ДА ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШІН ТІРКЕДІ

8-10 мамыр аралығында Астана қаласында төртінші мәрте өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

14 салмақ бойынша 53 отандасымыз бақ сынаған додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде еншіледі.

Алтын – 81 келі. Жалғас Қайролла

Алтын – 100 келі. Марат Байкамуров

Күміс – 60 келі. Талғат Орынбасар

Күміс – +78 келі. Кәмила Берліқаш

Қола – 60 келі. Шерзод Давлатов

Қола – 81 келі. Аңсарбек Ғайнуллин

Қола – 90 келі. Айдар Арапов

Қола – +78 келі. Аида Тойшыбекова

Осыған дейінгі көрсеткіштер:

2023 жыл – 1 алтын, 1 күміс, 5 қола

2024 жыл – 1 алтын, 3 қола

2025 жыл – 3 күміс, 6 қола

Қандай жайттар тіркелді?

Елорда төрінде 5 отандасымыз алғаш рет Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді (Жалғас Қайролла, Аңсарбек Ғайнуллин, Шерзод Давлатов, Аида Тойшыбекова, Айдар Арапов).

60 келідегі Талғат Орынбасар жартылай финалда басты фаворит саналған Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн-Вэйді (Тайбэй) жеңіп кетті.

Қазақстанда шешуші Grand Slam турнирі өтті. Енді 2027 жылы Астана қаласы әлем чемпионатын қабылдайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес