31.05.2023 | 16:04

Дзюдодан VI жазғы Спартакиаданың алғашқы чемпиондары кім?

Таразда дзюдодан ҚР VI жазғы Спартакиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл сында 20 өңірден келген 227 татами шебері бақ сынап жатыр. Бүгін әйелдер арасында 4 және ерлер арасында 3 салмақта Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегері белгілі болды. Елімізде және шет елдерде өтетін жауапты байрақты бәсекелерге қатысатындықтан ұлттық құраманың белді дзюдошыларының басым көпшлігі белдескен жоқ. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

48 кг:

1.Ғалия Тыныбаева, Алматы қаласы

2.Диана Буркеева, Жетісу облысы

3.Маржон Даушова, Шымкент қаласы

3.Жанерке Асқарова, Қызылорда облысы

60 кг:

Мағжан Шамшадин, Қызылорда облысы

Дәурен Сюкенов, Алматы облысы

Дамир Болатбеков, Жетісу облысы

Шерзод Давлатов, Алматы қаласы

52 кг:

1. Аружан Ережепова, Алматы облысы

2. Гүлдана Әлмұхамбетова, Маңғыстау облысы

3. Толғанай Әбеуова, Ақмола облы

3. Нұрсұлу Ерәлиева, Жетісу облысы

66 кг:

1. Әділбек Берікұлы, Қызылорда облысы

2. Нұрзат Сәлімбаев, Жамбыл облысы

3. Кемелбек Молдаш, Түркістан облысы

3. Мағжан Әлжанов, Қостанай облысы

57 кг:

1.Севара Нышанбаева, Шымкент қаласы

2.Іңкәр Төлепбергенова, Жетісу облысы

3.Балнұр Құрманбай, Алматы қаласы

3.Диана Мұханбет, Қызылорда облысы

73 кг:

1.Асқар Нарқұлов, Маңғыстау облысы

2.Бақытжан Абдурахманов, Алматы облысы

3.Саят Сейітқалиев, БҚО

3.Жансай Смағұлов, Қарағанды облысы

63 кг:

1.Мөлдір Бейсенова, ШҚО

Баханова, Ақтөбе облысы

3.Зарина Сарипова, Абай облысы

3.Эсмигүл Куюлова, Атырау облысы

Арулар арасында 48 келіде алматылық Ғалия Тыныбаева топ жарса, ерлерден 60 келіде қызылордалық Мағжан Шамшадинге тең келер ешкім болмады. 52 келі салмақта Алматы облысының өкілі Аружан Ережепова үздік шықты. 66 келіде жас балуан қызылордалық Әділбек Берікұлы чемпион атанды. Ал 73 келіде Жансай Смағұлов белдескен ол жартылай финалда осы салмақтың жеңімпазы атанған ақтаулық Асқар Нарқұловтан ұтылды. Бірақ Смағұлов қола жүлде алды. Азданған үзлістен кейін қайта оралған шымкенттік Севара Нышанбаева 57 келіде бірінші орын алса, 63 келіде шығыс қазақстандық Мөлдір Бейсенова алтын алды.

Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командасының бас бапкерлері Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаевтың айтуынша Спартакиадада көзге түскен балуандар Астана да өтетін халықаралық бәсекеде ел намысын қорғайтын көрінеді. Ертең тағы 14 салмақта белдесулер өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес