01.05.2026 | 22:41

ДЗЮДОШЫ ӘЛЖАН НҰРӘДІЛ ДУШАНБЕДЕГІ GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Әлжан Нұрәділ ел қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

-60 кг салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде ресейлік Ачыт Дамбуны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Жарыс 3 мамырға дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес