27.09.2024 | 11:03
Бөлісу:
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Испанияның Леон қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Едіге Емберді мен жеке бапкері Айбек Аманиязов таңертең елге оралды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оларды Астана қаласының халықаралық әуежайынан ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев, сондай-ақ Спортты дамыту дирекциясы, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері, туыстары, жанкүйерлер мен журналистер күтіп алды.
«Осы жолы 89 келіге салмағым сәл жетпеді. Бірақ бұл жеңіске жетуге еш кедергі емес. Өзіме сенімді болдым. Ендігі мақсатым 2 айдан кейін Бахрейнде өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатында сынға түсіп, жақсы нәтиже көрсету», -деді Ұлттық құрама спортшысы БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында.
«Ұлымның әр жарысы, чемпион болғаны көз алдымда тұр. Испаниядан хабарласқан кезде сенімді, әрі өзіне риза екенін байқадым. Әр жарыстан кейін ол үйге келе салып, сол елде көрген-білгенін, чемпионат қалай өткенін басынан-аяғына дейін айтып беретіні бар. Осы жолы да шай үстінде сол дәстүрді жалғастырамыз»,-деді Едігенің анасы Гүлбазар Азтаева Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Едіге Испанияда 89 кг дейінгі салмақта қоссайыста 352 келіні еңсеріп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Ерасыл Сәулебеков 81 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды (344 кг).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОлимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Әлем Кубогын аяқтады
Сергей Петрович Әлем Кубогының С тобында топ жарды