11.04.2026 | 13:23

ЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында ширек финалдық белдесулер өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аса ауыр салмақтағы отандасымыз, жастар арасындағы әлем чемпионы Едіге Қасымбек 1/4 финалда 2 Олимпиаданың жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы Амир Хоссейн Аббас Заремен (Иран) күресіп, 0:7 есебімен жол берді.

Енді Иран балуаны финалға шықса, отандасымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес