02.08.2024 | 17:42

ЭДУАРД ЕЩЕНКО ІРІКТЕУДЕ СЫНҒА ТҮСІП ЖАТЫР

Стенд атудан Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ещенко іріктеудің алғашқы күнінде бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасында ол 66 ұпай жинап, 27-сатыда келе жатыр. Отандасымыз бүгін 9 рет мүлт кетті. Ертең іріктеудің соңғы күні. Осыдан кейін финалға жолдама алған 6 спортшысы анықталады.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес