15.02.2024 | 18:57

Ел чемпионатының шешуші жарыс күніне шолу

Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатының 6-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің әр өңірінен келген үздік мергендер 3 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (әйелдер):

Алтын – Шымкент қаласы (30 ұпай)

Күміс – Алматы қаласы (25 ұпай)

Қола – Павлодар облысы (20 балл)

Тапаншамен 10 метрден оқ ату (ерлер):

Алтын – Алматы қаласы (30 балл)

Күміс – Шымкент қаласы (25 балл)

Қола – Астана қаласы (20 балл)

10 метрден жылжымалы нысана көздеу (микст):

Алтын – Алматы қаласы

Күміс – Шымкент-1 қаласы

Қола – Шымкент-2 қаласы

Айта кетейік, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысып жатыр. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар.

Қазір жалпы есепте Алматы қаласының командасы көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыға Шымкент қаласы жайғасса, үздік үштікті түйіндеу үшін Павлодар облысы мен Астана қаласының мергендері таласып жатыр. Ел чемпионаты 16 ақпанда мәресіне жетеді.

Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес