26.05.2026 | 16:06
Бөлісу:
ЕЛ ҚҰРАМАСЫ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ БІР КҮМІС САЛДЫ
Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық жарыста сынға түскен Қазақстан құрамасы 3 шығыршық және 2 жұп ұршық жаттығуының финалында 27 ұпаймен күміс еншіледі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аталған бағдарламада 10 елдің құрамалары бақ сынап, өзара мықтыны анықтауда. Бұл сында Қытай құрамасы 29.25 ұпаймен алтын алды. Ал Жапонияға (24.20) қола бұйырды.
Еске сала кетейік, былтырғы Азия чемпионатында қыздарымыз топтық жаттығуда 3 шығыршық және 2 жұп ұршық сайысында алтын медаль жеңіп алып, 5 таспа бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізген.
Топтық жаттығуда ел намысын Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.
Сонымен қатар, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық