10.03.2025 | 01:33

ЕЛДАНА ТАЛИПОВА СЕРБИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Сербияның Ниш қаласында басталған бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында дебют жасаған +81 кг салмақтағы Елдана Талипова алғашқы айналымнан сәтті өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы 1/8 кезеңде Өзбекстан спортшысы Олтин Сотимбаевадан басым түсті. Есеп: 4:1. Екі спортшы санаулы ай бұрын Азия чемпионатының финалында да кездесіп, Елдана жеңіске жеткен.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес