22.05.2026 | 13:37

ЭЛЬДАР БІРІМБАЙ МЕН НАЗЫМ МАХМУТОВА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының 2-жарыс күнінде жартылай финалдар аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл кезең нәтижесінде Қазақстан командасының қоржынына 2 қола медаль түсті. Әйелдер арасында -73 кг салмақтағы Назым Махмутова жартылай финалда Қытай өкілі, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Сун Цзеге есе жіберді. Есеп: 1-2.

Ал -74 кг салмақтағы отандасымыз Эльдар Бірімбай ирандық Амир Сина Бахтияриден ары аса алмады. Есеп: 1-2.

Осылайша, Махмутова мен Бірімбай жарыста 3-орын алды. Қазір Қазақстан еншісінде 3 қола медаль болды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес