03.05.2024 | 11:42
Бөлісу:
Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова жұбы күміс жүлдеге ие болды
Әзірбайжан астанасы Бакуда өтіп жатқан нысына көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Тапаншамен 10 метрден оқ атуда Қазақстан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова Әлем кубогында аралас жұптық сында алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Кеше олар жарыстың алғашқы күні іріктеуде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреген.
Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады. Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғайды. Жалпы қатысушы саны 699 адам (84 мемлекет).
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ