11.02.2024 | 21:34

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жеңімпазы атанды

Теннистен Ұлттық құрама спортшысы Елена Рыбакина БАӘ-де өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол WTA-500 санатындағы бәсекенің финалында Дарья Касаткинадан басым түсті. Есеп: 6:1, 6:4. Осылайша, Елена биылғы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Осыған дейін ол Брисбендегі турнирде қарсылас шақ келтірмеген.

Абу-Даби корттарында Елена әуелі америкалық теннисші Даниэль Коллинсті (4:6, 6:3, 6:3), сосын испаниялық Кристина Буччаны (6:1, 6:4), ресейлік Людмила Самсонованы (6:0, 4:6, 6:2) ұтқан.

БАӘ-дегі осы жеңісі үшін Рыбакина 142 000 АҚШ долларына және 500 ұрайға ие болды. Ертең жаңаратын WTA-ның рейтингінде қазақстандық спортшы 4-орынға көтеріледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес