14.04.2023 | 18:02
Бөлісу:
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жеңіске жетіп, Ұлттық құрамаға басымдық алып келді
Бүгін Астанада басталған Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Польша құрамасы арасындағы 2 ойын да алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Әуелі әлем рейтингінде 45-орында тұрған Юлия Путинцева қарсыласы Магда Линетті (әлемнің 19-ракеткасы) 2 сетте жеңді. Есеп: 7-5, 6-3.
Сосын, әлемнің 7-ракеткасы, Уимблдон және Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Вероника Фальковскаға еш мүмкіндік берген жоқ. Соңғысы рейтингте 253-сатыда тұр. Бұл матчтың есебі: 6-3, 6-4.
Ертеңге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесуі жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13:30-да басталады.
Суреттер Қазақстан теннис федерациясынан алынды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ