04.07.2024 | 07:22

ЕЛЕНА РЫБАКИНА «УИМБЛДОННЫҢ» ҮШІНШІ АЙНАЛЫМЫНА ШЫҚТЫ

Теннистен Ұлттық құрама спортшысы, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Германиялық Лаура Зигемундпен өткен тартысты ойын 2 сағат 14 минутқа созылып, Елена 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакина 1/8 финалдың жолдамасын даниялық Каролин Возняцкиймен (әлемнің экс бірінші ракеткасы) сарапқа салады.

Жарыста сәтті өнер көрсетіп жатқан Юлия Путинцева чехиялық Катерина Смнякованы жеңіп, үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес