06.09.2024 | 10:43
Бөлісу:
ЕЛІМІЗДІҢ 2 КОМАНДАСЫ ШИРЕК ФИНАЛДА ОЙНАЙДЫ
Алматы қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан «WTT Contender» халықаралық турнирінің ширек финалына шыққан ойыншылар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оның ішінде еліміздің екі жұбы бар. Ерлер арасындағы жұптық сында Бақдәулет Әкімәлі мен Владислав Захаров 1/8 кезеңде Гонконгтан келген Чан Болдуин/Ю Кван Тоны 3-2 есебімен жеңді. Енді олар Ценг Цзы-Ю/Као Ченг-Джуймнен (Қытайдың Тайпейі) ойнайды.
Ал миксте Қазақстанның екі командасының жолы түйісті. Искандер Харки мен Ангелина Романовская отандастары Владислав Захаров/Анастасия Лаврованы (3:0) айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалдағы қарсыласы - Ю Кван То/НГ Винг Лам (Гонконг).
Жекелей сында Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева мен Анастасия Лаврова қарсыласқа есе жіберді.
Фото үстел теннис федерациясынан
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: