14.11.2022 | invalid

Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Бүгін Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті.

Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасынының еншісіндегі 5-медаль. Осыған дейін командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған. Ал оның алдында Константин Малиновский мен Александра Ле жекелей бағдарламада үздік үштікті түйіндеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес