26.09.2023 | 15:00

Эльмир Әлімжанов – Азия ойындарының қола жүлдегері

Семсерлесу шебері Эльмир Әлімжанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы, жапониялық Кано Кокиден 9:15 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама спортшысы жүлде жолында сәл ертеректе өзбекстандық Жавохирбек Нурматовты (13-8), қытайлық Ю Лефанды (15-12), кувейттік Абдулазиз Әлшаттиды (5-4), индонезиялық Арвал Сундараны (5-1), Наттифонг Сингхамды (5-4) жеңген.

Жекелей сында Кано Коки чемпион атанды. Ол финалда біздің құраманың көшбасшысы Руслан Курбановты жарты жолда қалдырған отандасы Акира Коматаны жеңді. Екінші қола медаль Вай Ханг Хоға (Гонконг) бұйырды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес