20.11.2025 | 21:31

ЭЛЬМИРА СЫЗДЫҚОВА ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ

Сауд Арабиясында өтіп жатқан 6-шы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында күрес түрлерінен кезекті қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 76 келідегі Эльмира Сыздықова қола жүлде үшін таласта Түркия балуаны Элмира Ясинды 7:0 есебімен ойсырай жеңді.

Айта кетейік, санаулы сәт бұрын 68 келідегі Ирина Казюлина да қола жүлдегер атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес