05.02.2023 | 21:26

Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакиада чемпионы атанды. Тағы кімдер топ жарды?

Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

50 кг:

Алтын – Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

Күміс – Светлана Анкичева (Астана)

Қола – Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау облысы), Камила Апекова (Павлодар облысы)

53 кг:

Алтын – Алтын Шағаева (Алматы облысы)

Күміс – Гүлжазира Амантаева (Қостанай облысы)

Қола – Мадина Асан (Алматы қаласы), Зейнеп Баянова (БҚО)

55 кг:

Алтын – Марина Седнева (Алматы облысы)

Күміс – Гүлсамал Нұрлан (Ақтөбе облысы)

Қола – Зульфия Яхьярова (Қарағанды облысы), Лаура Алмағамбетова (Қостанай облысы)

57 кг:

Алтын – Нилуфар Райымова (Түркістан облысы)

Күміс – Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

Қола – Татьяна Тарабрина (БҚО) мен Айжан Исмағұлова (Ақтөбе облысы)

59 кг:

Алтын – Диана Каюмова (Астана)

Күміс – Айгерім Ибрашева (Ақтөбе облысы)

Қола – Данагүл Мәлкен (Түркістан облысы) мен Эмма Тисина (Астана)

62 кг:

Алтын – Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

Күміс – Аяулым Қасымова (Алматы облысы)

Қола – Әсия Әлібек (Шымкент) мен Жангүл Болд (Ақмола облысы)

65 кг:

Алтын – Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

Күміс – Дариға Әбен (Түркістан облысы)

Қола – Тыныс Дубек (Алматы облысы) мен Диляра Айтжанова (Ақмола облысы)

68 кг:

Алтын – Елена Шалыгина (Шымкент)

Күміс – Гауһар Мұқатай (Алматы қаласы)

Қола – Амина Теміртасова (Ақмола облысы) мен Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан облысы)

72 кг:

Алтын – Жамила Бақбергенова (Астана)

Күміс – Анастасия Панасович (БҚО)

Қола – Александра Зайцева (Ақмола облысы) мен Ақмарал Асанқызы (Қарағанды облысы)

76 кг:

Алтын – Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

Күміс – Гүлмарал Еркебаева (Астана)

Қола – Алина Ертөстік (Ақтөбе облысы), Ұлбосын Қожамберді (Алматы облысы)

Жалпы есепте Алматы облысы 1-орын (144 ұпай) алса, одан кейін Ақмола (115) мен Түркістан облысы (113 ұпай) жайғасты.

Биыл жарақатын емдеп, бір жылдан кейін бозкілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакида алтынын мойнына тақты. Бүгін 31 жасқа толған балуанды Қазақстан грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов финалдардың алдында арнайы құттықтады. Айта кетейік, Эльмира Олимпия ойындарында жүлде жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы (2016 жылғы Рио Олимпиадасы). Эльмира финалдан кейін берген сұхбатында әлі толық бабына келмегенін айтты.

Барлық белдесуден кейін әйелдер күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев балуандардың дайындық жоспарына тоқталды. Оның айтуынша, биыл екі құрама жасақталып, халықаралық жарыстарда кезек-кезек өнер көрсетеді.

Айта кетейік, енді ертең және арғыгүні еркін күрес шеберлері Спартакиададағы балуандар додасын аяқтайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес