20.04.2023 | 16:10
Бөлісу:
Елордада Satti Zhuldyz халықаралық шахмат фестивалі басталды
Астана қаласында Satti Zhuldyz атты алғашқы халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр. Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов қатысты.
Осы сәтті пайдаланып Асхат Оралов «Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген спорт шебері» атағын орындаған Бибісара Асаубаеваны құттықтап, марапатын табыстады.
Шаршы тақтада бақ сынауға 300-ден астам үміткер жиналды. Жарыстың жүлде қоры 265 000 АҚШ долларын құрайды. Шахматтың блиц пен рапид түрінен өтетін бәсекеде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен әлемнің көрнекті ойыншылары, гроссмейстерлері — Хоу Ифань, Айк Мартиросян, Владимир Крамник, Борис Гельфанд, Винсент Кеймер, Левон Аронян, Екатерина Лагно, Александр Грищук, Арджун Эригайси, Жавохир Синдаров, Джахонгир Вахидов және басқа да көптеген шеберден ойын техникасын үйрене алатын жас шахматшыларға арналған шеберлік сабақтары өтеді. Дүбірлі дода 26 сәуірге дейін жалғасын таппақ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ