08.08.2024 | 15:57

ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ІРІКТЕУДІҢ БЕЛ ОРТАСЫНА ЖЕТТІ

Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол доппен жаттығуда 32.000 балл алды. Екі снарядтан кейін 62.850 ұпаймен 7-орында тұр. Финалға үздік 10 гимнаст шығады.

Отандасымыз бағана шығыршықтағы жаттығуда 30.750 ұпай алған. Енді ол келесі мүмкіндігінде ұршық және лентамен өнер көрсетеді.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес