27.05.2023 | 18:00

Эмиль Ахмеджанов Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы Әлем Кубогы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов 3-орын алды. Ол еркін жаттытуда 13.800 ұпай жинады. Бұл сында болгариялық гимнаст Эдди Пенев 14,366 балл жинап алтыннан алқа тақса, күмісті мажарстандық Ботонд Молнар (13,833 балл) жеңіп алды. Осы бағдарламада фаворит саналған армениялық Артур Давтян жүлдесіз қалып, 6-сатыдан көрінді.

Жалпы бұл жарысқа 24 елден 150 спортшы жиналған. Алдағы кезеңдердің кестесі мынадай: (FIG Әлем Кубогы):

Тель-Авив Challenge Cup – 1-4 маусым, Израиль

Осиек Challenge Cup – 8-11 маусым, Хорватия

Мерсин Challenge Cup – 1-3 қыркүйек, Түркия

Сомбатхей – 8-10 қыркүйек, Мажарстан

Париж Challenge Cup – 16-17 қыркүйек, Франция.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес