16.02.2025 | 20:22

ЕРАСЫЛ ҚАЖЫБАЕВ – БАКУДЕГІ ҮЛКЕН ДУЛЫҒА БӘСЕКЕСІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Дзюдодан Ұлттық құраманың спортшысы Ерасыл Қажыбаев Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста үздік үштікке кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аса ауыр салмақтағы (+100 кг) отандасымыз жүлде жолында грузиялық Саба Инаниешвилиді қосымша уақытта (golden score) жеңді.

Айта кетейік, Ерасыл үшін Баку олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын Бакудегі Үлкен дулыға турнирінде де қола жүлдегер атанған еді.

Бүгін мәресіне жеткен жарыста 36 елдің 258 татами шебері сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес