
26.06.2025 | 09:07
Бөлісу:
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА БАРДЫ
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бокстан Әлем кубогі қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогі өтеді. Жарысқа 30 елден 300 боксшы қатысады.
Қазіргі уақытта елордада отандық спортшылармен бірге АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзірбайжан, Аустралия, Словакия, Норвегия және Германия боксшылары бірлескен жаттығу өткізіп жатыр. Халықаралық жиынға жалпы саны 100-ден астам боксшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасының нақты құрамы осы жиын қорытындысы бойынша анықталады.
Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Ашылу салтанаты 30 маусым күні сағат 13:00-де, ал финалдық жекпе-жектер 6 шілде күні сағат 14:00-де басталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ КУБОГЫ: БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ

АЙБЕК ОРАЛБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

САНЖАР ТӘШКЕНБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЧЕМПИОНЫ