21.05.2026 | 10:56
Бөлісу:
ЕРКЕБҰЛАН ЕҢСЕГЕНОВ ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда басталған таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Еркебұлан Еңсегенов -54 кг салмақта үздік үштікті түйіндеді. Алғаш рет ересектер санатында құрлық бәсекесінде күш сынаған отандасымыз аса тартысты жартылай финалда Иордания өкілі Жаафар әл-Даудқа есе жіберді. Есеп: 1-2.
Бүгін іріктеуде Еңсегенов Қытай және Филиппин спортшысынан басым түсті.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: